Алматы-1 станциясындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері теміржол вокзалының аумағында 48 және 52 жастағы екі қала тұрғынын анықтады. Олар күту залында жолаушыларға сақтау камерасы қызметін пайдалануды ұсынып, адамдардың мазасын алып қолайсыздық туғызған.
Тексеру барысында аталған азаматтардың тиісті тіркеусіз және рұқсат құжаттарынсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны анықталды. Жасалған құқық бұзушылықтар үшін олар бірден екі бап бойынша, яғни қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу және заңсыз кәсіпкерлік үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Айта кету керек, құқық бұзушылар дәл осындай әрекеттері үшін бұғын дейін де бір жыл ішінде жауапкершілікке тартылған. Бұл олардың заң талаптарын жүйелі түрде елемейтінін көрсетеді.
Еске сала кетейік, ағымдағы жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментімен 34 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 2 678 – қоғамдық орындарда тиісу фактісі, 2 405 – алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу, 1 201 – ортақ пайдаланылатын орындарды ластау және 20 – тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу деректері тіркелген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1214570?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау