Конституциялық Сот: заңды қолдануға қатысты дауларды жалпы юрисдикциядағы соттар шешеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Сот ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындаудан бас тартуға байланысты өтінішті қарады.

Бұған дейін өтініш иесіне төлемдер тағайындаудан бас тартылған, ал үшінші сатыдағы соттар бұл шешімді заңды деп таныған. Ол өз ісінде Конституциялық Соттың 2023 жылғы 27 наурыздағы №5 нормативтік қаулысында баяндалған құқықтық ұстаным қолданылмаған деп есептеп, Конституциялық Сотқа жүгінген.

Конституциялық Сот аталған нормативтік қаулының бұрын тағайындалған зейнетақыны тоқтату жағдайларына қатысты екенін түсіндірді. Өтініш иесі бұрын мұндай зейнетақы алмағандықтан, бұл қаулы оның жағдайына қолданылмайды.

Конституциялық Сот нақты бір іс бойынша қандай нормаларды қолдану және оларды қалай түсіндіру мәселелері жалпы юрисдикциядағы соттардың құзыретіне жататынын атап өтті. Конституциялық Сот сот шешімдерін мәні бойынша қайта қарамайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1214158?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version