Оралда бет-әлпетті тану жүйесі арқылы велосипед ұрлығы жедел ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жедел басқару орталығына велосипед ұрлығы фактісі бойынша хабарлама келіп түсті. Оқиға бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары дереу ұйымдастырылды. Заманауи технологияларды, атап айтқанда бет-әлпетті тану жүйесін пайдалану нәтижесінде күдіктінің жеке басы қысқа мерзімде анықталды. Ұрлық бейнебақылау камераларына түскен. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде қылмыс жедел түрде ашылып, күдікті ұсталды. Ұрланған велосипед заңды иесіне қайтарылды. Иесі полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтарды жеке мүлкіне мұқият болуға шақырады және күмәнді жағдайлар туындаған кезде “102” нөміріне хабарласуды сұрайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1214904?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version