ҚАЛА АУМАҒЫНДА ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қала аумағында өсімдік зиянкестері мен шіркейлердің көбеюіне байланысты жоспарлы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Өңдеу барысында жәндіктерге қарсы тиімділігі дәлелденген инсектицидтер қолданылуда. Препараттар өсімдік биті өрмекші кенелер, біте, трипс, ұнтақ құрттар шыбын, шіркей және өзге де сорушы әрі кеміруші зиянкестерді жоюға бағытталған. Құрамындағы белсенді заттардың үйлесімі зиянкестердің төзімділігінің қалыптасуын болдырмай, өсімдіктерді ұзақ мерзім қорғауды қамтамасыз етеді.
Барлық жұмыстар санитарлық талаптар мен қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып жүргізілуде.
Осыған байланысты қала тұрғындарынан өңдеу жүргізіліп жатқан аумақтарда сақтық шараларын ұстануды, балалар мен үй жануарларын уақытша алшақ ұстауды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1214430?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version