Қалада су тасқынынан зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жауапты тұлғалар «Колесные ряды» аумағында және бұрынғы Нариманов базары орнында жүргізіліп жатқан нысандарды бұзу және утилизациялау барысын тексерді. 2024 жылғы су тасқыны салдарынан 170-тен астам тұрғын үйге зиян келген. Қазіргі таңда 134 нысан утилизацияланған, оның ішінде 96 үй «Колесные ряды» ауданында орналасқан. Үш үйді сақтап, оларды білім беру мақсатында пайдалану туралы шешім қабылданған.
Жұмыстың екінші кезеңінде қосымша қаржы бөлінгеннен кейін Красный Кузнец көшесінен жоғары орналасқан, су басу қаупі бар аймақтағы тағы 35 үйді бұзу жоспарланып отыр.
Босатылған аумақта «Шағала» жағалауымен, Триатлон-паркпен және жаңа көпфункционалды стадионмен біріктірілетін заманауи парк салу көзделуде. Бұл жоба қала тұрғындары мен қонақтары үшін бірыңғай демалыс кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар бұрынғы Нариманов базары аумағында жер учаскелерін сатып алу жұмыстары басталған. Жалпы 36 учаске бар, оның 26-сы бойынша сатып алу және нысандарды утилизациялау жүргізілуде.
Жоспарға сәйкес, жылдың бірінші жартыжылдығында аумақты толық босату жұмыстары аяқталады. Сонымен бірге 1200 орындық жаңа мектептің жобасы әзірленіп, кейін оның құрылысы басталмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1214775?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version