Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бас маманы Н. Жанұзақ жастармен кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 сәуір күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бас маманы Н. Жанұзақ жастармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Еркіндік рухы» жоспары аясында «Жастар және олардың құқықтары» тақырыбында мазмұнды баяндама жасалды. Іс-шарада жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері, сондай-ақ өз құқықтарын тиімді пайдалану жолдары кеңінен түсіндірілді.

Жиын барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Еркін форматта өткен кездесу жастардың белсенділігін арттырып, құқықтық мәдениетін дамытуға оң ықпал етеді.Жастарды әртүрлі өмірлік жағдайларда азаматтардың құқықтары,міндеттері және жауапкершілігі туралыда айтылды.

Осындай кездесулер жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және құқықтық санасын нығайтуға бағытталған маңызды алаң болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1214387?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version