Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының жауапты қызметкерінің, сондай-ақ аталған басқармаға қарасты №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы басшысының және орталықтың медициналық әрі әлеуметтік қызметкерлерінің қатысуымен арызданушының шағымы негізінде зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026жылы 3сәуір күні, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының жауапты қызметкерінің, сондай-ақ аталған басқармаға қарасты №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы басшысының және орталықтың медициналық әрі әлеуметтік қызметкерлерінің қатысуымен арызданушының шағымы негізінде зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу барысында №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы қызмет алушыға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен оның денсаулық жағдайы қарастырылды.

Орталық басшылығы қызмет алушының денсаулығына байланысты (тіс ауруы) қажетті медициналық көмектің толық көлемде көрсетілетінін мәлімдеді.

Аталған мәселенің орындалуы Уәкіл өкілінің жеке бақылауына алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1214278?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version