2026 жылы 27 сәуір күні, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа бағдарламалық құжатын талқылауға арналған дөңгелек үстелге барды.
Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, адвокаттар алқасының, жоғары оқу орындарының, бизнес қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ белсенді жастар қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты – мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарламалық құжаттың мазмұнын жан-жақты талқылау, сондай-ақ оның тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу болды.
Кездесу барысында 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының іске асырылу нәтижелері қорытындыланып, атқарылған жұмыстарға талдау жүргізілді. Сонымен қатар, жаңа кезеңге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттары айқындалып, қатысушылар тарапынан нақты ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1214384?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау