Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Мамыр 5, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруі

Жарияланды:

05/05/2026 16:56

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

208 баптың 1-тармағының 1) – 7) жəне 11) тармақшаларында көзделген жағдайларда:

-есеп айырысу:

-сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегі беріле отырып жəне (немесе) көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу терминалдары арқылы;

-сатып алушыға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді арнаулы мобильді қосымшаның чегі беріле отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген жағдайларда шот-фактура жазып беру талап етілмейді. Бұл ретте сатып алушының талап етуі бойынша чекте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осындай сатып алушының сəйкестендіру нөмірі қамтылуға тиіс;

-есеп-айырысу электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдары пайдаланыла отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген;

-жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін байланыс қызметтері үшін екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы есеп айырысу жүзеге асырылған;

-теміржол немесе əуе көлігімен жолаушыны тасымалдау қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;

-дара кəсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға тауар өтеусіз берілген, жұмыстар өтеусіз орындалған, қызметтер өтеусіз көрсетілген;

-салық Кодекстің 477-бабында көзделген қаржы операциялары іске асырылған жағдайларда шот-фактура жазып беру талап етілмейді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшаларының ережелері тауарлар өткізілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген жағдайларда салық Кодекстің 131-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға қолданылмайды.

 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1214651?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Аппараттық кеңес 04.05
Next: Студенттерге мемлекеттік қызметке кіру тәртібі және әділет органдарының қызметі бойынша түсіндіру→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version