Жданов ауылдық округінде құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, атап айтқанда алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау және аумақты абаттандыру қағидаларын сақтау бойынша тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
Аталған іс-шаралар «Қостанай ауданы Жданов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мамандары мен Жданов ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Есмағамбетов Е.К.-нің бірлесуімен ұйымдастырылуда.
Рейд барысында алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтауға, белгіленген талаптардың сақталуына, сондай-ақ елді мекендердің санитарлық жағдайына ерекше назар аударылады. Тұрғындармен заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жалғастырылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1214358?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау