«Құқықтық дәріхана-маңызды құқықтық сұрақтарға қарапайым жауаптар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Прокуратура органдары халыққа тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізуді жалғастыруда.

Кезекті акция бүгін 05.05.2026 жылы Тайынша, М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов, Уәлиханов және облыстың басқа аудандарында, сондай-ақ Петропавл қаласындағы «Рахмет» СҮ-де өтті, онда тұрғындар қызықтыратын құқықтық мәселелер бойынша тікелей прокуратура қызметкерлерінен кеңес алды.

Іс-шара барысында азаматтарға қолданыстағы заңнаманың нормалары, өз құқықтарын қорғау тәртібі түсіндірілді, сонымен қатар әртүрлі мәселелер бойынша көмек көрсетілді.

Мысалы, Ғ.Мүсірепов ауданында пробация қызметінде есепте тұрған  К. ауылының тұрғыны   жұмыспен қамту мәселесі бойынша өтініш білдірді.

Аталған мәселе бойынша прокуратура қызметкерлері сотталған адамның құқықтарын түсіндіріп, мемлекеттік органдардың әлеуметтік көмек көрсету бойынша қабылданып жатқан шаралары туралы кеңес  берді.

Қарау нәтижелері бойынша жұмыспен қамту мәселесі шешілді, квота шеңберінде жұмысқа орналастырылды.

Тағы бір жағдайда, Тайынша ауданының тұрғыны «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы алу мәселесін қозғап, өтініш білдірген, бірақ жәрдемақы алмаған.

Өтінімді дұрыс ресімдеу туралы түсініктемелер берілді.

Акция барысында облыстың 130-ға жуық тұрғыны түрлі мәселелер бойынша қабылданды. Ағымдағы жылдың басынан бері прокурорлар 16-ға жуық акция өткізіп, 1000-нан астам азамат қабылданған.

Акциясының негізгі мақсаты – құқықтық көмек көрсетуді әрбір тұрғынға барынша қолжетімді ету, халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және азаматтарға олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауда қолдау көрсету.

 «Құқықтық дәріхана» өз жұмысын – әр сейсенбі сайын Петропавл қаласында  «Рахмет» СҮ-де және облыстың аудан орталықтарында (ОСО, ХҚКО, мәдениет үйлері, аудандық ауруханалар және т.б.) жалғастырады.

                                       Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1214836?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version