Семей қаласында дезинсекция жұмыстарының екінші кезеңі басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласында зиянкестерге қарсы дезинсекция жұмыстарының екінші кезеңі басталды. Бұл кезең негізінен түнгі уақытта жүргізіледі. Жұмыстар тұрғындар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда, атап айтқанда саябақтарда, аллеяларда және алаңдарда атқарылуда.

Түнгі улау шаралары күн сайын сағат 22:00-ден кейін басталады.

Айта кету керек, бірінші кезең барысында қаланың бірқатар аудандары қамтылды. Олардың қатарында Бобровка, Мұрат, Шығыс кенті, Казкрай, Таткрай, Солнечная долина, Суық бастау, Қарағайлы, Бейбітшілік аралы және басқа да аумақтар бар.

Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүруде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1214810?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version