Бүгін Семей қаласындағы «Арена» спорт кешенінде өткен грек-рим күресінен U-15 жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.
Сайысқа әлемнің 5 елінен (Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей федерациясы) және Қазақстанның 20 өңірінен келген 300-ден астам спортшы 11 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде өзара мықтыны анықтады.
Спорттық доданың бүгінгі марапаттау рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли қатысып, 85 келі салмақта жүлдегер атанған балуандарды марапаттады.
Жарыс қорытындысы бойынша финалдық бәсекеде Абай облысының балуаны Ерали Мұратов өзбек елінің спортшысын жеңіп, чемпион атанды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1214937?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау