Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы нысана көздеу клубында жалғасып жатқан әлем кубогында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. «Скит» сайысында сынға түскен Әсем Орынбай финалдық кезеңде қарсыластарын артқа қалдырып, чемпион атанды.
Іріктеу кезеңінен сүрінбей шыққан 8 спортшы финалда бірнеше айналым бойы өзара сайысқа түсті. Нәтижесінде Әсем Орынбай финалда Қытай спортшысы Жианг Итингтен басым түсті.
Жүлдегерлер:
1-орын. Әсем Орынбай
2-орын. Жианг Итинг (Қытай)
3-орын. Мартина Бартоломей (Италия)
Әсем Орынбай 2023 жылы да дәл осы Әлем кубогында үздік шыққан еді. Одан бөлек, отандасымыздың еншісінде әлем чемпионатының «қола» жүлдесі және финалдық Әлем кубогы, Азия ойындары, Азия чемпионатының «алтын» жүлдесі бар.
Айта кетейік, 43 елден 300-ге жуық спортшының басын қосқан Әлем кубогы 10 мамырға дейін жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1214666?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау