ТМРК және оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері қоғамдық бірлестіктерді ТМС-ның есептерін қарауға қатысуға шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) және оның аумақтық бөлімшелері жыл сайын табиғи монополиялар субъектілері (ТМС) ұсынған бекітілген тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуы туралы есептерге талдау жүргізеді.

Бүгінгі күні ТМРК және оның аумақтық бөлімшелерінің қарауында ТМС «База «Монополист» веб-порталында орналастыру арқылы ұсынылған ТМС-ның 2025 жылғы бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуы туралы есептері бар және еркін қол жетімді.

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3) тармақшасына сәйкес қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасында белгіленген құқықтардан басқа, сондай-ақ тарифтің және инвестициялық бағдарламаның жобаларын, бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және ТМС қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді уәкілетті органның қарауына қатысады.

Осыған байланысты, ТМРК және оның аумақтық бөлімшелері қоғамдық бірлестіктердің ТМС-ның 2025 жылғы бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуы туралы есептерді қарауға қатысу және ТМРК мен оның аумақтық бөлімшелерінің атына 2026 жылғы 1 шілдеге дейін есептер бойынша ұсыныстар мен ескертулерді ұсыну мүмкіндігі туралы хабарлайды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/news/details/1214674?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version