ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Облыста көктемгі дала жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, «Кең Дала» бағдарламасы аясында бүгінгі күнге дейін 1 441 жоба қаржыландырылған. Қазіргі таңда жаздық дақылдар 388 мың гектар алқапқа егілді. Шаруаларды қолдау мақсатында 15 мың тонна жанар-жағармай жеңілдетілген бағамен таратылып, егіс алқаптарына 54 мың тонна тыңайтқыш енгізілді.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков көктемгі дала жұмыстарының орындалу барысын талдап, алдағы суғару (вегетациялық) маусымына дайындық мәселелерін қарастырды. Ол аудан және қала әкімдіктеріне отандық тыңайтқыш өндіруші кәсіпорындармен бірлесіп, қажетті көлемді қысқа мерзімде аудан орталықтарына жеткізуді ұйымдастыруды тапсырды.
Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары да қарқын алуда. Қазіргі таңда 531 шаруа қожалығы су үнемдеу жүйелерін орнату бойынша келісімшарт жасап, тиісті қондырғыларды енгізуді бастаған. Жалпы облыс бойынша 34 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланған.
Өткен жылы 114 мың гектар алқапта су үнемдеу технологияларын қолдану нәтижесінде 195 млн текше метр су үнемделген. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, су ресурстарын тиімді пайдалану мен Мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау басты назарда болады.
Н. Тұрашбеков ағын суға бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Бекітілген кезектілік пен бөлінетін су лимиттері қатаң сақталуы тиіс. Жауапты тұлғаларға егіс алқаптарын тікелей аралап, жағдайды тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1214334?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version