«Заң және тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі»: Жармыш ауылының мектебінде жиналыс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» бастамасы шеңберінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылықтарды азайту, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында Маңғыстау ауданы Полиция бөлімінің бірінші орынбасары, полиция майоры Берік Парахатұлы Дузаков Жармыш ауылындағы «Жармыш жалпы білім беретін мектебінде» жиналыс өткізді.

Іс-шараға мектеп ұжымы, оқушылар және ата-аналар қатысып, өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Кездесу барысында отбасылық тәрбие, электронды темекінің зияны, нашақорлық, буллинг және кибербуллинг сияқты қоғамда алаңдаушылық туғызатын тақырыптар көтерілді.

Жиналыстың негізгі бағыттары:

  • Құқықтық сауаттылық – жасөспірімдердің өз құқықтары мен міндеттерін білуі, заң алдындағы жауапкершілікті түсінуі;
  • Отбасылық бақылау – ата-аналардың балаларының бос уақытына, достық ортасына және интернеттегі әрекеттеріне көңіл бөлуі, сенімді қарым-қатынас орнату;
  • Қауіпсіздік шаралары – мектеп инспекторларымен өзара байланыс, түнгі уақытта заң талаптарын сақтау қажеттілігі;
  • Зиянды әдеттер – электронды темекі, есірткі және психоактивті заттардың зияны мен олардың құқық бұзушылыққа әкелетін салдары;
  • Кибербуллинг және интернет қауіпсіздігі – әлеуметтік желілерде қауіпсіздік сақтау, теріс әрекеттердің алдын алу.

Кездесу барысында оқушыларға нақты мысалдар келтіріліп, құқық бұзушылықтың салдары түсіндірілді. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

https://www.instagram.com/reel/DX6jeRQsK4R/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1214484?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version