«Зерделі ұрпақ» математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 29 сәуірі математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру, оқушылардың арасында олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті оқушыларды анықтау мақсатында 3-сынып оқушыларына арналған «Зерделі ұрпақ» математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Олимпиада командалық жарыс-блиц-турнир форматында ұймыдастырылып өткізілді.

Олимпиадаға мектепішілік кезеңде топ жарып шыққа оқушылар қатысып, қалалық кезеңде 8 команда білімдерін көретті.
Бас жүлде-Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің командасы
1 орын-№7 жалпы білім беретін мектебінің командасы, Е.Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектебінің командасы
2 орын-Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының командасы, №11 жалпы білім беретін мектебінің командасы
3 орын-С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының командасы, С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебінің командасы, №12 жалпы білім беретін мекиебі командасы.

Сонымен қатар, «ZERDELI URPAQ» Instagram конкурсының жеңімпазы болып №11 жалпы білім беретін мектебінің командасы атанып, ақшалай сыйақы ұтып алды.
Жеңімпаздарды құттықтаймы!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1214229?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version