Жас құтқарушыларға куәлік табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Жаңатас қаласындағы Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясында оқушылардан құрылған «Жас құтқарушы» клубының мүшелеріне куәлік табыстау рәсімін өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту және құтқарушы мамандығына деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Рәсім барысында оқушыларға құтқарушы мамандығының қоғамдағы маңызы, олардың атқаратын қызметі мен жоғары жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелері бойынша қысқаша нұсқаулық беріліп, түрлі төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау тәртібі таныстырылды.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1214502?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version