Жолдар бақылауда: қауіпсіздік — басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жыл басынан бері Жетісу облысында әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол инфрақұрылымын нормативтік талаптарға сәйкестендіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Бақылау барлық ортақ пайдаланымдағы жолдарды — қалалық көшелерден бастап өңірлік маңызы бар трассаларға дейін қамтиды.

Осы кезеңде 538 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде жол ұйымдарының атына анықталған кемшіліктерді жою туралы 538 нұсқама жолданды. Бұзушылықтар жол жамылғысының жай-күйіне де, жол құрылыстарының жағдайына да қатысты болды. Белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін 87 жол ұйымы мен лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, жол инфрақұрылымын жаңғырту және жақсарту бойынша жұмыстар да қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері Жетісу облысында 487 жол белгісі орнатылып, 12 жасанды кедергі (жол жотасы) қойылды. Үй жануарларының жолға шығуын болдырмау үшін 40 шақырым торлы қоршау орнатылды. Бұдан бөлек, 7 шақырым жасанды жарықтандыру желісі жүргізіліп, қарсы бағыттағы көлік шамдарының көз қарықтыру әсерін азайту үшін 8 шақырым тосқауыл экрандары қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1214800?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version