🔰 ТӨЛЕБИ: ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАР ЖӘНЕ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАДАН САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Үстіміздегі жылдың 5 мамыр күні Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен Департаментпен бірлескен кездесуде Түркістан облысы аумағында зейнетақы жарналары аударылмаған, жазатайым оқиғадан сақтандыру шартын жасамаған және еңбек шарттарын тіркемеген мекемелер бойынша және «D», «Е» санатындағы отбасыларды «С» деңгейіне көтеру бойынша Төлеби ауданында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
Кездесуге Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Жанғазиев Бағдатбек Пердебайұлы, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы, Төлеби ауданы Мансап орталығының директоры Әміртаев Қайырғали Анарбайұлы, Төлеби ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бейсебаева Рабиға Ермекбайқызы, Түркістан облыстық Еңбек мобильдігі орталығының директоры Байбатчаев Ерсұлтан Жаңабайұлы, ауыл әкімдері, тиісті мекеме басшылары мен өңірдегі кәсіпорын иелері және жұмыс берушілері қатысты.
 
Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ғалымжан Сейдуәліұлы жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарын рәсімдеу, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды түрде рәсімдеу тәртібі, міндетті төлемдерді уақытылы аудару, оның ішінде зейнетақы жарналарын аудару қажеттігі туралы түсіндірме беріп өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1215076?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version