Зейнолла Бекмырзаұлы Салқынбаев 1974 жылы 1 маусымында Қызылорда облысында дүниеге келген.
1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «филолог» мамандығы бойынша, 1999 жылы магистратурасын «филолог» мамандығы бойынша, 2002 жылы «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1999 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер минитрлігі академиясында оқытушы қызметінен бастап, аталған мекемеде 2002 жылға дейін жұмыс атқарған.
2002 жылдан 2007 жылға дейін еліміздің бірнеше ірі жоғары оқу орындарында, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінде түрлі лауазымдарда қызмет еткен.
2007 жылдан 2013 жылға дейін Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінде мемлекеттік тілді дамыту және редакциялау бөлімінің бастығы лауазымын атқарды.
2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің персоналды басқару қызметінің басшысы лауазымын атқарып келеді. Жалпы еңбек өтілі – 27 жыл.
Зейнолла Бекмырзаұлы – Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің кадрлық саясатын қалыптастыруға үлкен үлес қосып, оның ішінде білімді әрі білікті кадрларды даярлау жұмыстарына белсенді ат салысып келе жатқан ұлтжанды азамат.
Жұмыста жеткізген жетістіктері үшін «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен және әр түрлі ведомстволардың алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1215607?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау