Абай облысы бойынша Еңбек инспекциясы комитетінің департаменті 2026 жылғы 11 сәуірде орын алған ауыр зардапты жазатайым оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын аяқтады.
Уәкілетті органның бұйрығына сәйкес арнайы тергеп-тексеру комиссиясы құрылып, белгіленген тәртіппен барлық қажетті іс-шараларды жүргізді. Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша комиссия мүшелері еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісіне қол қойды.
Тексеру барысында жұмыс беруші тарапынан Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын бұзу фактілері анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 160 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Тергеп-тексеру материалдары тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін полиция органдарына жолданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1215449?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау