Агенттік пен Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкер-лері «Мемлекеттік органда темекі шегуге қарсы күрес, іскерлік әдепті сақтау және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау туралы» ақпараттық-түсіндіру семинарына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 5 мамырда 2025–2027 жылдарға арналған «Адал Азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасы аясында Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрлан Джалпаков Агенттік пен Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкерлерімен «Мемлекеттік органда темекі шегуге қарсы күрес, іскерлік әдепті сақтау және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау туралы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.

Семинар материалдарында дәстүрлі және электронды темекінің зияны туралы аспектілер атап өтіліп, мемлекеттік қызметшілер үшін салауатты өмір салтын ұстанудың және дене шынықтырумен айналысудың негізгі артықшылықтары ашылды, сондай-ақ қоғамдық орындарда мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау талаптары қозғалып, мемлекеттік органның әкімшілік ғимаратында темекі шегуге тыйым салу талаптары талқыланды.

Сонымен қатар, спикер іскерлік әдепті сақтау және ресми мінез-құлық қағидаларын ұстану, құмар ойын орындарына барудан бас тарту, сондай-ақ өз діни сенімдерін таңбау және бағынысты қызметкерлерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері бойынша презентация ұсынды.

Презентацияда «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» қызметтік әдеп стандарттарының талаптары және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары жан-жақты қамтылды. Қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» баптары да түсіндірілді. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киім үлгісі, ұжымдағы қарым-қатынас, құмар ойын орындарына барудан бас тарту, өз діни сенімдерін таңбау, сондай-ақ бағынысты қызметкерлерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері талқыланды.

Кездесуге 19 адам қатысты, қатысушылар мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің әдептік және моральдық нормалар талаптары туралы хабардарлығын арттыруға оң әсер ететінін және олардың күнделікті қызметінде салауатты өмір салтын қалыптастыру деңгейін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1215809?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version