Ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облысында автожолдарды ауқымды жөндеу жоспарланған

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жол инфрақұрылымын дамыту біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облысында автожолдарды ауқымды жөндеу жоспарланған-туристік бағыттарға да, ауылдық елді мекендерге кірме жолдарға да ерекше назар аударылатын болады.

Атап айтқанда, ауылдарға апаратын 100 шақырымнан астам жолды, сондай-ақ туристік объектілерге 110 шақырымнан астам маршрутты жөндеу көзделген. Бұл шаралар көлікке қолжетімділікті арттыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ішкі туризмді дамыту үшін қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп жатқаны маңызды: өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс жолдарының едәуір бөлігі нормативтік жағдайға келтірілді және бұл динамика жалғасатын болады. Сонымен қатар, көпірлерді салу мен қайта құруды қоса алғанда, жаңа инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда.

Облыстық мәслихаттың депутаты ретінде жол жұмыстарының сапасы мен мерзімдері мәселелерін бақылауда ұстаймын.

 

https://www.instagram.com/zhanbolat.kazanov/ 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihatvko/press/news/details/1215800?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version