Алматы халықаралық туристік ілгерілеуді күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы Туризм басқармасы мен қазақстандық FlyArystan лоукостері қаланың туристік әлеуетін дамытуға және халықаралық туристер ағынын арттыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар Алматыны негізгі шетел нарықтарында бірлесіп ілгерілететін болады. Жоспарланған бастамалар қатарында – маркетингтік науқандар, ақпараттық жобалар және шетелдік саяхатшылар арасында қаланың танымалдылығын арттыруға бағытталған өзге де іс-шаралар бар.

Бүгінде Алматы елдегі ең ірі авиациялық хаб ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді: қала 60-тан астам халықаралық бағытпен тікелей әуе рейстері арқылы байланысқан және Қазақстандағы халықаралық әуе тасымалының 60%-дан астамын қамтамасыз етіп отыр.

Серіктестік Алматының Орталық Азиядағы қысқа және аралас сапарлар үшін қолжетімді әрі тартымды бағыт ретіндегі ұстанымын күшейтуге, сондай-ақ келетін туристер географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-tourism/press/news/details/1215794?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version