Ақмола облысы прокуратурасында Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне орай облыс прокуратурасында салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, Ғалым Елемесовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Іс-шараға ардагерлер мен прокуратура органдарының қызметкерлері қатысты.

Облыс прокурорының бірінші орынбасары Серік Ілиясов қатысушыларды мерекемен құттықтап, прокуратура қызметкерлерінің заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ерекше рөлін атап өтті.

Осы мерекеге орай прокуратураның үздік қызметкерлері адал әрі жауапты қызмет атқарғаны үшін құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен, сондай-ақ төсбелгілермен марапатталып, оларға мерзімінен бұрын сыныптық шендер берілді.

Салтанатты жиын мерекелік концертпен аяқталып, ел тыныштығы мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген барлық қызметкерлерге алғыс білдірілді.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1215516?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version