Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ақорда резиденциясында Қазақстанның ТЖМ қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі, жанқиярлығы және қызметке адалдығы үшін ведомствоның 15 қызметкері наградталды. Бірқатар офицерге жоғары арнайы атақтар берілді.
Азаматтық қорғау жүйесінің жеті өкілі мемлекеттік наградалар мен атақтарды Мемлекет басшысының қолынан алды.
Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов, Жамбыл облысы ТЖД бастығы Арман Тоқанов және Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншин Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды.
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Өскемен қаласы ТЖ басқармасы № 3 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Қанат Қапанов, Алматы облысы ТЖД Талғар ауданы ТЖ бөлімі № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Азамат Солтанғали «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.
Президент Жарлығына сәйкес үлгілі қызметі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаевқа және Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы Жұмабек Хасеновке генерал-майор атағы берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1215332?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау