Ақтөбеде «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-ны трансформациялау мәселелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ны трансформациялау мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті.

Өңір басшысы жиынды аша отырып, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың аймақ экономикасындағы рөліне тоқталып, олардың тиімділігі, ашықтығы және нәтижелілігі маңызға ие екенін атап өтті. Сонымен қатар, қазіргі жағдайда басқарудың заманауи тәсілдерін енгізу және инвестициялық тартымдылықты арттыру қажеттігіне назар аударды.

Жиында «Ақтөбе» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Әуез Таймбетов баяндама жасап, корпорацияны трансформациялау бағытындағы жүйелі жұмыстар туралы ақпарат берді. ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Жалпыұлттық жоспарға (17-тармақ) сәйкес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды өңірлік даму институттарына трансформациялау 2026 жылдың маусым айына дейін жүзеге асырылуы тиіс екені атап өтілді.

«Президент тапсырмасына сәйкес, квазимемлекеттік секторды институционалдық реформалау шеңберінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды толыққанды өңірлік даму институттарына трансформациялау көзделуде. Трансформацияның негізгі тәсілдеріне тоқталар болсам, ол активтерді басқарушыдан инвестициялық интегратор және жобаларды іске асыру операторы моделіне көшу, «бір терезе» қағидаты арқылы инвесторларды толық сүйемелдеу және әлеуметтік жүктемесі жоғары бағыттарды бөлек құрылымдарға шығару – негізгі басымдықтар», – деді Әуез Таймбетов.

Басқарма төрағасы корпорацияда корпоративтік басқару жүйесі жетілдіріліп, негізгі бизнес-процестер цифрландырылғанын алға тартты. Fitch Ratings агенттігінен кредиттік рейтинг алу жұмыстары да жүргізілуде, бұл капитал нарықтарына шығуға мүмкіндік бермек. Ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша таза пайда – 563 млн теңге, бюджетке 380 млн теңге салық төленген.

Сонымен қатар, баяндамашы «Ауыл аманаты» бағдарламасына тоқталды. Оның аясында 2 983 кәсіпкерге 18 млрд теңгеден астам қаржыландыру берілді, ал агроөнеркәсіптік кешенде ірі жобалар іске асырылып жатыр.

Әуез Таймбетов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру және тұрғын үйлерді жаңғырту бағытын бөлек құрылымдарға шығару, бейінді емес активтерді оңтайландыру және инвестициялық қызметке басымдық беру ұсынылды.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-ны өңірлік даму институты ретінде қалыптастыру бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1215010?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version