ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен арнайы инвестициялық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде инвесторлар мен бизнес өкілдерінің өтініштері, инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындаған мәселелер және оларды шешу жолдары, Бас прокуратураның ұсыныстары, инвесторлармен өзара іс-қимыл процесін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Аймақта қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, жаңа ірі инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Экономиканы әртараптандыруда алдағы үш жылда 48 инвестициялық жоба шеңберінде 10 308 жаңа жұмыс орны ашылады.
Биыл 21 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұдан бөлек, 1 трлн. теңгенің 14 ірі жобасының құрылысы басталып, 5 инвестициялық жобаның құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін тағы 9 жоба қолға алынады.
Мемлекет басшысының Қатар еліне жасаған жұмыс сапары нәтижесінде Қызылордада салынатын қуаттылығы 1 100 мегаваттық бу-газ қондырғысына 250 гектар жер телімі бөлінді. Қазіргі уақытта техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде.
Инвестициялық саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес арнайы өңірлік инвестициялық штаб құрылған. Өткен жылы штабтың 9 отырысы өткізіліп, 30 инвестициялық жобаға қолдау көрсетілді.
Ал биыл 3 отырыста 12 жоба бойынша нақты шешім қабылданды.
Сонымен қатар, 10 инвестор инвестициялық келісім-шартқа қол қойып, кедендік баждан босатылып, жер телімі түрінде грант алды. Жаңа жобаларға инвестор тарту мақсатында 50-ден астам офлайн және онлайн форматтағы кездесу өткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1214986?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау