Бақалы ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы есептік кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бақалы ауылдық округі әкімі Омарова Айнагүл Есболатқызының тұрғындар алдындағы есептік кездесуі өтті.

Кездесу барысында округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары және алдағы кезеңге арналған негізгі жоспарлар таныстырылды.

Атап айтқанда, инфрақұрылымды дамыту, автомобиль жолдарын жөндеу, елді мекендерді абаттандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, алдағы уақытта іске асырылатын жобалар мен басым міндеттер ұсынылды.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әкім барлық көтерілген мәселелер бойынша заңнама аясында түсіндірме беріп, бірқатар ұсыныстардың жұмыс тәртібіне сәйкес қаралатынын атап өтті.

Осындай форматтағы кездесулер жергілікті атқарушы орган мен тұрғындар арасындағы ашықтық пен кері байланысты нығайтып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-bakaly/press/news/details/1214957?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version