Бавария Ландтағында өткен 2026 жылғы Интеграция сыйлығын табыстау рәсімі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ү.ж. 4 мамырда Бас консулдық Бавария Ландтағында өткен 2026 жылғы Интеграция сыйлығын табыстау рәсіміне қатысты. Іс-шарада қоғамға бейімделу, тіл үйрену және мәдени өзара түсіністікті дамытуға бағытталған әлеуметтік жобалар атап өтілді.

Биылғы марапат иелері қатарында балалар мен жастарға тіл үйренуді музыка және рэп арқылы жақындататын «Hip-Hop Heroes – Sprache schafft Heimat», сондай-ақ спорт пен оқу арқылы балалардың тілдік қабілетін дамытатын «FCA-Ballschule mit Sprach- und Leseförderung» жобалары болды. Сонымен қатар Пассау қаласындағы «Reden. Begegnen. Dazugehören» жобасы да марапатталды.

Бас консулдық мұндай бастамалардың қоғамдағы интеграцияны нығайтуда, тіл арқылы білімге, еңбекке және қоғамдық өмірге жол ашуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Іс-шара әртүрлі мәдениеттер арасындағы диалог пен өзара құрметті дамытуға бағытталған маңызды алаң болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-munich/press/news/details/1215619?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version