ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде БҰҰ-ның даму құқығы мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Сурья Девамен кездесу өтті. Кездесу барысында вице-министр Евгений Кочетов еліміздің жаңа Конституциясындағы негізгі өзгерістер, реформаларды қоғамға түсіндіру барысы және адам құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар туралы атап өтті.
Жиында жаңа Конституцияның қабылдануы мемлекет саясатындағы маңызды бетбұрыс екені айтылып, оның «Әділетті Қазақстан» идеясын ілгерілетуге және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға негіз болғаны талқыланды.
Сондай-ақ, қазақстандық тарап адам құқықтарын қорғау мен оны жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, халықаралық міндеттемелер мен БҰҰ ұстанымдарына адалдығын атап өтті. Азаматтық қоғамды қолдау, гендерлік теңдікті дамыту және отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған бастамалар таныстырылды.
Кездесуде мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты күшейтуге арналған цифрлық тетіктер де талқыланды. Атап айтқанда, «e-Otinish» жүйесі мен электрондық үкімет платформасының жұмысы сөз болды.
Жиын қорытындысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тәжірибе алмасуды жалғастыруға мүдделі екенін білдірді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1215330?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау