Байқаудың басты міндеті – еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру, жастарды еңбекке құрметпен қарау және ұрпақтар сабақтастығын сақтау.
Конкурс жыл сайын, өңірлік және республикалық кезеңде, келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
– «Үздік еңбек әулеті»;
– «Өндірістің үздік жас маманы»;
– «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».
Конкурсқа қатысушылар қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:
- номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
- жеке куәліктің көшірмесін;
- номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан артық емес бейнероликті (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
- конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Мicrosoft Power Point форматында);
- еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жумыс орнынан аныңтама);
- жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.
- мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері, біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).
Конкурс комиссиясы конкурс жеңімпаздарын келесі критерийлер бойынша іріктейді:
«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:
- Әулеттің барлық өкілдері алған мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, сондай-ақ мадақтау қағаздарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің алғыс хаттарының саны;
- Әулет өкілдері болып табылатын отбасы мүшелерінің және олардың туыстарының жалпы саны;
- Еңбек әулетінің әулет басшысының еңбек қызметі басталған күннен бастап конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін құжаттар топтамасын ұсынған күнге дейінгі кәсіптегі жалпы еңбек өтілі.
«Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша:
- Өзінің кәсіби дағдыларын дамытуға қосқан үлесі;
- Өз жұмысына қатысты адалдық;
- Ұйымдастырушылық және коммуникативтік қасиеттерінің болуы;
- Еңбегі үшін бірнеше рет көтермелеудің болуы (дипломдар, грамоталар, алғыстар);
- Бастамашылық ұсыныстардың болуы;
- Кәсіби қызметтен тыс шығармашылық мүдделердің болуы;
- Білім деңгейі, оны арттыруға деген ұмтылыс;
- Жұмыс орнындағы жеке жетістіктері;
- Өз жұмысын орындау сапасы;
Жоғарыда аталған критерийлердің талаптары сақталмаған жағдайда. Комиссия қатысушыларға ұсынылған материалдарды қайтара алады.
Барлық сұрақтар бойынша «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не (№2 кабинет) хабарласуға болады. Байланыс тел. 8 (71036) 46068.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-balhash/press/news/details/1215424?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау