«ҒАСЫР САҢЛАҒЫ» КӨРЕРМЕНДЕРДІ ТӘНТІ ЕТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның «Халық Қаһарманы», тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «ТЕАТР — ТӘРБИЕ БЕСІГІ» атты театр айлығы өз мәресіне жетті.

9–30 сәуір аралығында өткен мәдени шара аясында ауданның халық театрлары тәрбиелік мәні терең, мазмұны бай, тағылымы мол бірқатар қойылымдарды сахналап, өнерсүйер қауымды рухани әсерге бөледі.

Айлықтың жабылу салтанаты 30 сәуір күні жоғары деңгейде өтті. Осы кеште «Атығай Шанин» атындағы халық театры Жанболат Баймұрынов пен Аян Кизкиннің «ҒАСЫР САҢЛАҒЫ» драмасын сахналады.

Қойылым көрермендер тарапынан жылы қабылданып, зор ықыласқа ие болды. Зал лық толып, кеш аншлагпен өтті. Театр айлығының қорытындысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аудан әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбайұлы шараға қатысқан барлық халық театрларына алғыс білдіріп, марапаттау рәсімін өткізді.

Сонымен қатар қала, аудан тұрғындарымен бірге облыстық мәслихат депутаттары Хадиша Оспанова, Айтбай Жұмағұлов, Сұлтан Шаймағанбет және аудандық мәслихат төрағасы Саят Оспанов премьераның куәсі болып, халық театрларына сертификаттар табыс етті.

Айта кету керек, театр айлығы барысында ауданның төрт халық театры өздерінің үздік қойылымдарын сахналап, көрерменге ерекше рухани тарту жасады. Әр ұжым өз шеберлігін көрсетіп, зор қошеметке ие болды.

Осылайша, «ТЕАТР — ТӘРБИЕ БЕСІГІ» атты театр айлығы мазмұнды қойылымдарымен және жоғары деңгейдегі ұйымдастырылуымен есте қалып, аудан мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/1215719?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version