Комитетте ерлік, ар-намыс және елге қызмет етуге адалдықты бейнелейтін мемлекеттік мереке – Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шара өтті.
7 мамыр Қазақстан тарихында ерекше орын алады: дәл осы күні 1992 жылы Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойылған.
Барлық кезеңдерде Отан қорғаушылары мемлекеттің тірегі болып келді және болып қала береді, олар жауапкершілік пен өз міндетіне адалдықтың үлгісі саналады.
Комитет төрағасы Сархат Бейсенова әріптестерін елдің әл-ауқатын қамтамасыз етудегі жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін құттықтап, зор денсаулық пен алдағы уақытта табыстар тіледі.
Санэпидқызмет мамандары санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды қамтамасыз ету мен халық денсаулығын қорғауға елеулі үлес қосып, күн сайын маңызды әрі жауапты міндет атқаруда.
Ұжымның әйелдер қауымы әріптестеріне жанқиярлығы, сенімділігі және іске адалдығы үшін алғысын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1215269?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау