Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов жаңа Конституцияның мазмұны мен маңызын түсіндіру мақсатында Интергаз Орталық Азия АҚ Шымкент магистральдық газ құбырлары басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ең алдымен газ саласының ел экономикасындағы стратегиялық маңызына тоқталған спикер сала қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өтті. Одан әрі Конституциялық реформалардың қажеттілігіне назар аударып, референдумның жоғары деңгейде өткенін жеткізді. «Заман тез өзгеріп жатыр, соған сай жаңару қажет болды. Конституция өз деңгейінде қызмет етті, алайда уақыт талабына сәйкес өзгерістер енгізу – заңды құбылыс», – деді ол.
Мәслихат төрағасы өз сөзінде Шымкент қаласының даму динамикасын мысалға келтіріп, бұрын жекеменшік мектептер мен балабақшалардың болмағанын, бүгінде олардың қатары артқанын атап өтті. Осыған байланысты жекеменшік мекемелердің қызметін құқықтық тұрғыда реттеу қажеттілігі туындағанын айтты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1215181?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау