Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Облыстық мәслихат депутаттық корпусының атынан сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – батыр бабаларымыздан бастау алған Отанға адал қызмет етудің озық дәстүрлерінің сабақтастығын және оны абыроймен жалғастырып келе жатқан бүгінгі қорғаушылар буынын айшықтайды.
Ежелден Отан алдындағы әскери борышты өтеу – әр азаматтың қасиетті парызы саналып, әрбір жанның елге, оның тәуелсіздігіне және халқына деген жауапкершілігін арттырады. Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қасиетті міндетін абыроймен атқарып, ерлік пен төзімділіктің, антына адалдықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
Жоғары жауапкершілік пен жанқиярлықпен және Отанды, оның азаматтары мен ұлттық мүдделерін қорғауға әрдайым дайын болумен тығыз байланысты әскери қызмет қашанда ең құрметті әрі мәртебелі мамандықтардың бірі болып табылады. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын арттыруға және әскери қызметшілерге жан-жақты қолдау көрсетуге айрықша көңіл бөлінуде.
Осы мерекелі күні ел қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жолында адал қызмет етіп жүрген барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік пен келісім, амандық және еліміздің игілігі жолындағы толағай табыстар тілеймін!
Бейбіт Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/1215668?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау