Мамандығы-мақтанышы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызметте батыл, өмірде көпбалалы әке – 7 мамыр қарсаңында құтқарушы Азамат Дембаевтың еңбек жолы мен отбасылық құндылықтары туралы.

Дембаев Азамат Ғалимбекұлы әскерден кейін ТЖ саласын саналы түрде таңдап, өз өмірін адамдардынэң қауіпсіздігіне арнады. Еңбек жолын 2013 жылы Қарабалық ауданындағы өрт сөндіру бөлімінде бастады. Кейін Қостанай қаласындағы №1 МӨСБ бөлімге ауысып, бүгінгі күні тәжірибелі маман ретінде өз қызметін абыроймен атқарып келеді.

Қызмет барысында көрсеткен батылдығы мен кәсібилігі елеусіз қалған жоқ. 2022 жылы ол өртті сөндіруге қатысып, батылдық пен жанқиярлық танытты. Көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін Төтенше жағдайлар министрінің қолынан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бұл — оның мамандығына адалдығы мен жоғары жауапкершілігінің айқын дәлелі.

Азамат Ғалимбекұлы тек қызметте ғана емес, отбасында да үлгілі әке. 2014 жылы шаңырақ көтеріп, бүгінде 7 бала тәрбиелеп отыр. Көпбалалы әке үшін отбасы – басты құндылық. Балаларына тәртіпті, еңбекқорлықты және елге қызмет етудің маңызын үйретіп келеді. Оның айтуынша, егер ұл-қыздары болашақта осы мамандықты таңдаса, ол қарсы емес, керісінше олардың елге қызмет етуге деген ниетін қолдайды.

Осындай азаматтардың еңбегі – ел тыныштығының кепілі. Қызметте батылдық пен жауапкершілікті ту еткен Азамат Ғалимбекұлы үшін ең үлкен тірек – оның отбасы. Ол балаларына адал еңбек пен Отанға қызмет етудің маңызын үлгі етіп келеді. Ертеңгі күні олар әке жолын таңдаса, бұл – тәрбиенің жемісі болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1215530?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version