2026 жылғы 6 мамырда Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл К. Иманғалиев мереке күндері мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында департамент қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметте белгіленген шектеулерді ұстану және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Қатысушыларға мереке кезеңінде де заң талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ жеке және қызметтік мүдделер қақтығысына жол бермеу қажеттігі жеткізілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары мен жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1215694?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау