Мүгедектікті белгілеу негізділігінің мониторингі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық департаменттері мүгедектікті белгілеудің заңдылығына үздіксіз мониторингті жүзеге асырады. Мемлекет мүгедектігі бар адамдарды қолдауға қомақты қаражат бөледі және біздің міндетіміз – бұл қаражаттың заңнамаға сәйкес олар шынымен лайықты азаматтарға жетуін қамтамасыз ету.

Өкінішке орай, жақында медициналық-әлеуметтік сараптамаға түсетін медициналық құжаттарды талдау барысында республиканың жекелеген өңірлерінде елеулі бұзушылықтар анықталды. Бірдей медициналық жазбалардық олдану фактілері анықталды. Бұлдегеніміз, әртүрлі пациенттерде іс жүзінде  «көшірмеге» құжаттар рәсімделді: талдау нәтижелері, анамнез деректері және бейінді мамандардың қорытындылары толығы мен сәйкес келді, тек күндер мен дербес деректер өзгерді.

Аталған фактілер мүгедектікті заңсыз белгілеу мақсатында медициналық құжаттаманы бұрмалаудың тікелей белгілері болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бойынша барлығы 167 осындай жағдай анықталды.

Жиналған барлық материалдар құқық қорғау органдарына, соның ішінде прокуратура мен экономикалық тергеу департаменттеріне шешім қабылдау үшін берілді.

Егер біздің аймақ туралы нақты айтатын болсақ, Қостанай облысында қазіргі уақытта мұндай фактілер анықталған жоқ.

 Бұл ретте тексеру жалғасуда және Министрліктің қатаң бақылауында. Мемлекет алдау және әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу әрекеттерін қатаң түрде тоқтатуды жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1215343?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version