Талапты ауылдық клуб меңгерушісі Е.Құрманбайдың ұйымдастыруымен нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған маңызды іс-шара өтті. Бұл жиынның негізгі мақсаты – қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу және есірткі қылмысының зардаптары туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту болды.
Іс-шараға округ әкімдігі қызметкерлері, білім беру мекемелерінің ұстаздары мен ауыл жастары қатысты. Кездесу барысында мамандар нашақорлықтың адам денсаулығына, отбасы мен қоғамға тигізетін кері әсерін жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, есірткі бизнесіне қатысты заңнамалар, жауапкершілік шаралары және оның алдын алу жолдары туралы нақты ақпараттар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/1215062?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау