Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шаралар Бас прокуратурада өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бас прокуратурада Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға қадағалау органының басшылығы мен қызметкерлері, прокуратура ардагерлері қатысты. Бас Прокурор Берік Асылов жиналғандарды құттықтап, бұл даталардың ұрпақтар сабақтастығын, тарихи жадыға құрметті және ел болашағы алдындағы жауапкершілікті білдіретін ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

Жаңа Конституцияда Қазақстан халқы «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстанатыны, ал Отанды қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы әрі міндеті екені бекітілген.

Отанды қорғау әрқайсымыздың өз еліміздің тағдырына деген жауапкершілігімізден басталады. Прокурорлар үшін бұл – Заңның сақталуын қамтамасыз ету жолындағы күнделікті қызмет, заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалау жүргізу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету.

Өз сөзінде Бас Прокурор биыл Жеңіс күнін ұжыммен бірге прокуратураның бұрынғы қызметкерлері, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері болған 8 ардагер қарсы алып отырғанын атап өтті. Ол қызметкерлердің басым бөлігі үшін ата-бабалардың ерлігі туралы жады – әкелері мен аталарының ерлікке толы өмір жолымен байланысты жеке тарих екенін айтты. Олар ауыр жағдайда Жеңісті жақындатып, бейбіт аспан үшін жанын қиған. Сонымен қатар, арамызда жоқ жандардың жарқын бейнесі жүректерде мәңгі сақталатыны атап өтілді.

Мереке құрметіне Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар прокуратура қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталып, жоғары сыныптық шендерге ие болды. Бас Прокурордың бұйрығымен жүйе ардагерлері мен қызметкерлері де көтермеленді.

Іс-шара Бас прокуратура қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылған мерекелік концертпен аяқталды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1215565?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version