Отаншылдық рухы қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет болып табылған. Еліміздің Қарулы Күштердің жауынгерлері төзімділік пен батылдықтың даңқты дәстүрлерін жалғастыруда.
Қорғаныс қабілетін нығайту – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Республикамыздың Қарулы күштері бүгінде заманауи техникамен жарақтандырылып, жаңа технологиялар белсенді енгізілуде. Әскери дайындықтың қарқындылығы мен сапасы артуда.
Мерекеге орай бүгін аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.
Аталған шараға Сарысу ауданының әкімі Сакен Мамытов, Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық қоғамдық кеңестің, ардагерлер, алқа билер кеңесінің төрағалары мен кеңес мүшелері, құқық қорғау органдары, мекеме басшылары, білім беру ұйымдары мен қала тұрғындары қатысты.
Мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен жемісті еңбегі үшін бірқатар азаматтарды Сарысу ауданының Құрмет грамотасы және Сарысу аудандық мәслихатының Алғыс хатымен марапаттады. Шараның соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен және «Сарысу» халықтық театрының көріністерімен жалғасты.
Әскери қызметшілердің бойындағы патриоттық сезімдерін нығайтып, өсер ұрпақ үлгі тұтарлықтай, ержүрек, намысшыл, адал, қайсар мінезді сарбаздар тәрбиелеу, еліміздің елдігін, мемлекеттің тұтастығын сақтау әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз әрі парызымыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/1215618?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау