Бақалы ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен, «Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мамандарымен бірлесіп, қарттар арасында шахмат және дойбыдан тартысты турнир өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – аға буын өкілдерінің белсенді өмір салтын қолдау, зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыру және отбасы құндылықтарын насихаттау.
Турнир барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаздар арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Осындай игі шаралар ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға үлкен үлес қосады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-bakaly/press/news/details/1214964?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау