Парижде Қазақстан мен Франция арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту жоспарлары талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Париж, 2026 жылғы 5 мамыр – Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Қазақстан-Франция Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ги Сидоспен және Францияның Сыртқы сауда жөніндегі кеңесшілер кеңесінің (CCE) президенті, Қазақстанның Овернь-Рона-Альпы өңіріндегі Құрметті консулы Софи Сидоспен кездесті.

Кездесу барысында тараптар бірлескен жобаларды іске асырудың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, соның ішінде Франция өңірлерімен өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда іскерлік байланыстарды жандандыруға және практикалық әріптестікті тереңдетуге өзара мүдделілік расталды.

Энергетика және экология салаларындағы ынтымақтастық аясында тараптар EDF, Orano, Veolia, SUEZ, Hydroplus және басқа да француз компанияларының 22-24 сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммитке қатысуын атап өтті.

Екіжақты инвестициялық диалогты дамыту аясында қазақстандық тараптың Францияда 1 маусымда өтетін Choose France Summit инвестициялық форумына қатысуы айтылды.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Францияда өткізілетін алдағы бірлескен іс-шаралардың күн тәртібі мен мазмұнын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту және Қазақстан экономикасының түрлі секторларында жобаларды іске асыруға француз компанияларын тарту бойынша жұмысты жандандыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-paris/press/news/details/1215714?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version