Павлодар облысының дін істері басқармасы мен «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС өкілдері жүлделі I орынды иеленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 2728 сәуір аралығында Түркістанқаласында рухани құндылықтарды насихаттау жәнеқоғамдық келісімді нығайтуға бағытталғанреспубликалық іс-шаралар өтті.

Аталған іс-шаралар аясында, Түркістан облысыдін істері басқармасының ұйымдастыруымен«Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» тақырыбында республикалық конференция өтті.

Конференцияның негізгі мақсатытүркіәлемінің ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидіңрухани мұрасын кеңінен насихаттау, оның ілімініңқазіргі қоғамдағы маңызын айқындау, сондай-ақұлттық мәдениет пен рухани құндылықтардыдәріптеу болып табылады. Конференция барысында рухани сабақтастық, мәдени мұранысақтау, дін мен дәстүр үйлесімі, сондай-аққоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтумәселелері қарастырылды.

Іс-шаралар жалғасы ретінде 2026 жылғы 28 сәуірде Түркістан облысы дін істерібасқармасының ұйымдастыруымен «Күлтөбе CUP» республикалық зияткерлік сайысы өтті.

Сайысқа облыстар мен республикалық маңызыбар қалалардан келген командалар қатысты. Іс-шараның мақсатызияткерлік әлеуетті дамыту, азаматтық белсенділікті арттыру және ұлттыққұндылықтарды насихаттау.

Сайыс қорытындысы бойынша Павлодар облысының дін істері басқармасы мен «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС өкілдері жүлделі I орынды иеленді. Сайыс барысындақатысушылардың логикалық және сыни ойлауқабілеті, сондай-ақ білім деңгейі бағаланды. Сонымен қатар қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи мұрасыннасихаттауға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар іссапар аясында басқармабасшысы Н. Байбакиров пен «КҚТДО» ЖШС директоры Д. Әлімханов Қожа Ахмет Ясауиатындағы Халықаралық қазақ-түрік университетітеология факультетінің бітіруші курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысындатүсіндіру жұмыстары жүргізіліп, түлектердіПавлодар облысында дін саласында жұмысқашақыру мәселелері талқыланды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-din/press/news/details/1214970?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version