Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Іс-қимыл жоспары 2029 жылға дейін бес жылға есептелген және ол көптеген бағыттарды қамтиды – көгалдандырудан, қалдықтарды өңдеуден бастап экологиялық білім беруге дейін.
Тактика бір орында тұрған жоқ. Түзетулерді облыстық мәслихат депутаттары кезектен тыс XXXIV сессиясында бекітті.
Құжатқа не енгізілді, деді энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тілектес Досаев.
Экологиялық құқық бұзушылықтарды тіркеу үшін камераларды ұлғайту көзделген. Суару және суландыру жүйелерін, суды үнемдеу технологияларын енгізуге және суды тұтынуды есепке алуға көбірек көңіл бөлінетін болады. Бұдан басқа, экологиялық таза көлікке баса назар аударылған – велосипедшілерге арналған инфрақұрылымды дамыту және электромобильдерге арналған зарядтау қондырғыларын орнату қажет. Ал қоқысты бөлек жинау мәдениетін енгізу үшін көпшілік орындарға экобокстер мен фандоматтар қоюды ұсынады – тапсырылған қайталама шикізат үшін ақшалай бонус алуға болады.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев депутаттарды «Таза Қазақстан» бағдарламасына белсенді қатысуға және тұжырымдаманың іске асырылуына мониторинг жүргізуге шақырды.
– Тұжырымдамаға өзгерістер енгізу маңызды. Біздің тұрғындар «Таза Қазақстан» бастамасын белсенді қолдады, жұмыс жүріп жатыр. Оны тиімді ету үшін тез шешім қабылдау керек, – деп атап өтті өңір басшысы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1215372?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау