Түпқараған ауданының Таушық ауылында тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру және төтенше жағдайларға ден қою уақытын қысқарту мақсатында кезекті өрт сөндіру пункті пайдалануға берілді.
Таушық ауылы – Таушық ауылдық округінің әкімшілік орталығы және жалғыз елді мекені. Ол Каспий теңізінің жағалауында, Форт-Шевченко қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 88 км жерде, теңіз деңгейінен 70 метр биіктікте орналасқан. Таушық ауылынан аймақтың бірнеше танымал қасиетті орындарына жетуге болады: жер асты мешіті Шақпақ атаға 30–40 км, Сұлтан-үпі мешітіне 50–70 км шақырым.
Ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұханов М.С., сондай-ақ Түпқараған ауданының әкімі Қүмісқалиев Е.Қ. қатысты. Басшылар өрт сөндіру пунктінің елді мекенде орналасуы төтенше жағдай кезінде жету уақытын едәуір қысқартып, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыратынын атап өтті. Жаңа нысан жергілікті бюджет есебінен салынды.
Жаңа объект 3000-нан астам тұрғыны бар ауылдың өртке қарсы қорғаныс жүйесінің маңызды бөлігіне айналды. Енді өрт сөндірушілер шақыртуларға жедел шығып, тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды және іргелес аумақтарды қорғауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындары ашылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Заманауи техника мен жабдықтар өрттер мен өзге де төтенше жағдайларға тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.
Маңғыстау облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1215506?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау