Әл-Кувейт, 2026 жылғы 6 мамыр – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Әділ Ахмед Сүләйман Әл-Ғұнайманмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-кувейт ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен оны дамыту перспективаларын талқылады.
Екі ел арасындағы өзара сапарларды жандандыру, іскер топтар арасындағы байланыстарды кеңейту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бейінді мекемелер желісі бойынша өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, тараптар өзара қызығушылық тудыратын өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты және Қазақстан мен Кувейт арасындағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.
Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекеті арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 11 қаңтарда орнатылды. Осы уақыт ішінде екі ел орнықты саяси өзара іс-қимыл қалыптастырып, инвестициялар, экономика, туризм және мәдени-гуманитарлық байланыстар салаларындағы ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1215654?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау